+7
101302, г. Сатпаев, пр. Независимости 29

ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ МӘСЕЛЕЛІ СЕМИНАР


Главная » Каталог статей » Мероприятия

ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ МӘСЕЛЕЛІ СЕМИНАР 

№ 1 хаттама

24-31 қазан аралығында 2018 жыл

Тақырыбы:

«Балабақшада қолданылатын дәстүрлі емес сурет салу техникасы»

Мақсаты:  бейнелеу мектепке дейінгі балалардың шығармашылық ойы мен қиялын дамытудағы,шығармашылық белсенділігін аттырудағы дәстүрлі емес тәсілдердің маңызын ашу. Педагогтарды дәстүрлі емес бояудың сан алуандылығымен таныстыру.

Қатысқандар:  25 адам (тәрбиешілер, мектепке дейінгі және білім беру мекемелерінің басшылары).

Өткізу үлгісі: семинар - практикум

Семинар өткізу жоспары:

I.Практикалық жұмыс –4

1."Сиқырлы бояулар" «Күзгі пейзаж».

Тәрбиеші Магзумова Г.К.

2.«Әлемнің сиқырлы кітабы». (Балауыз борлармен, кляксография бейнелеу техникасымен, затты монотипиясы бойынша) 

Тәрбиеші Жалгасбаева И.К.

3.Сурет салудың әдемі әлемінде»

Тәрбиеші Муханбеткалиева Б.К.

4.«Бояулар сыр шертеді» атты шығармашылық сурет көрмесі

II.Дәріс- 4 

1.Қазақстандағы бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі (мекемедегі жұмыс презентациясы). 

Әдіскер Сейтжапбарова Г.Б.

2.«Мектепке дейінгі жастағы балалармен сурет салудың дәстүрлі емес графикалық техникалары» 

Тәрбиеші Оразбаева М.Б.

3.Балабақшада бейнелеу өнері оқу қызметінде дәстүрден тыс әдістерді пайдалану. 

Тәрбиеші Куртеева Т.Н

4.МДМ кіші тобында сурет салу сабағына арналған сабақ үлгілері. 

Тәрбиеші Султанова Г.Ж.

III.Практикум -3

1.Мастер - класс «Ермексазды жіппен сурет салу». 

Тәрбиеші Оразбаева М.Б.

2.Мастер - класс «Балабақшадағы витраждық өнерді игеру» және «Көбік монотепиясы»

Тәрбиеші Куртеева Т.Н.

3.Мастер – класс «Көбіктегі мозайка».

Тәрбиеші Султанова Г.Ж.

      Жоспардың бірінші бөлігіндемастер-класстар өткізілді. Семинардың тәжірибе жұмыстарын ересек «Балапан» тобының бірінші санатты тәрбиешісі Муханбеткалиева Б.К., ортаңғы «Біз көңілді балалар» тобының бірінші санатты тәрбиешісі және ортаңғы «Веселые нотки» тобының тәрбиешісі Жалғасбаева И.К. белгіленген күндерде ұйымдастырып өткізді. Г.К.Магзумованың «Күзгі пейзаж» атты тәжірибелік жұмыста дәстүрден тыс үштехника түрін көрсетті. Тәжірибенің мақталы таяқшамен жасаған жұмысы балалардың саусақ моторикасын дамытуға көп септігін тигізді. Күз мезгіліндегі алуан түрлі жасапырақтардың көмегімен қағаз бетіне ағаштардың түрлерін гуашпен орналастырылғаны сәтті болды. Тәрбиеші сурет салудың дәстүрден тыс техникаларының келесі түрлерін қолданды:

1-күзгі ағаш бейнесін гуашьпен топтасқан  мақталы таяқшамен   безендіру техникасы

2-Кепкен жапырақтарды қолдану арқылы гуашпен бояп қағаз бетіне ағаштар бейнесін түсіру техникасы.

3-Фольгаға іздердің суретін салудың дәстүрлі емес техникасы.

   Мастер –классқа балабақшадан 16 педагог қатысты. Көрермен болған педагогтардың рефлексия толтыруының көрсеткішінде ұйымдастырылған іс-шара балалар үшін қызықты болғанын және ең сәтті өткен техника түрі жапсырақпен ағаштар жасалған   жұмысты көпшілігі атап өткен.

 

    И.К.Жалғасбаевнаның «Әлемнің сиқырлы кітабы» тақырыбындағы мастер-класста дәстүрлі емес техника-кляксография (түтікшемен үрлеу), пластилиннен баспамен, шанышқымен сурет салу және  балауызбен сурет салу. Балалар үшін шығармашылықпен және қызығушылықпен жұмыстар әсерлі жасалды. Педагогтарды трубочкамен балалардың бояуларды үрлеумен жасалған кляксография жұмысы қызықтырды.Индир Кайсаровна өткізген мастер-класқа 14 тәрбиеші қатысты. Педагогтің балалармен жұмысы қызықты болды, алдына қойған мақсатқа тәрбиеші жете білді сондай-шығармашылық табыс тіледі.

     Б.К.Муханбеткалиеваның «Ғажайып сурет әлемінде»ерекше техника түрлерімен. Атап өтетін болсақ дәмқыл дәкемен  аквариумды түрлендіргені және әр бала өздеріне ұнайтын балықтарын орналастырып және оларды атағандығы, балалардың восковый борлармен төрт жыл мезгілінің орындап шыққаны және ПВА клеймен тұзды қолданған техника түрі де сәтті өтті. Балалар үшін білмеген техника түрлерін үйренгенді орынды болды. Педагогтар үшін марлімен және тұзбен жасалған техника түрлері өз тәжірибелеріне қосатындығы анықталды.  

Семинардың екінші жоспарында дәріс оқу бөлімі өтті.

      Әдіскер Сейтжапбарова Г.Б. Қазақстандағы бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі бойынша республикалық ғылыми-әдістемелік жинақтарда жарық көрген Ұ.Ибрагимовтың еңбектерінде мектепке дейінгі жастағы балаларға бейнелеу өнерін үйретудің жолдары көрсетілді. Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу іс-әрекеті мен айналысудың ерекшеліктері анықталып, ұлттық бейнелеу өнері туындыларының жас ұрпақ тәрбиесіндегі орны алатынын түсіндіріп өтті.

       Тәрбиеші Оразбаева М.Б «Мектепке дейінгі жастағы балалармен сурет салудың дәстүрлі емес графикалық техникалары» дәрісінде «Шығармашылық» білім беру саласы танымдық құзыреттілік, танымдық-шығармашылық белсенділікке, мектепке дейінгі жастағы балалардың фантазиялары мен қиялының дамуына, оларды өз түсініктері, күйзелуі, сезімдері мен ойларын шығармашылық түрде іске асыруды дамытуға бағытталатындығын атап өтті.

        Тәрбиеші Куртеева Т.Н. «Балабақшада бейнелеу өнері оқу қызметінде дәстүрден тыс әдістерді пайдалану» атты дәрісінде бейнелеу өнері балалардың эстетикалық сезімін, көркемдік талғамын оятып,  шығармашылық қиялын дамыту үрдісін белгілі жүйеде көрсетеді. Бейнелеу әрекеті үрдісінде балалар бірқатар іскерліктер мен дағдыларды меңгереді, заттар мен қоршаған әлем құбылысын талдауға үйренеді.      Шығармашылық – бүкіл тіршілік көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жетістіктері – шығармашылықтың нәтижесі. Әр жас ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткізген жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізуге болатындығын жеткізді.

         Тәрбиеші Султанова Г.Ж. «МДМ кіші тобында сурет салу сабағына арналған сабақ үлгілері» атты дәрісінде балабақша тобының кіші тобында дәстүрлі емес сурет салу – сабақтың  кең таралған түрі. Бейнелеу өнерінің бұл түрі балаларға өте ұнайды және олардың шынайы қызығушылығын тудырады. Әр бала сурет салуға үйренеді. Бірақ, әдетте, қарындаштар немесе бояулары бар қылқалам арқылы суретті бейнелеудің әдеттегі процедурасы олардың көңілін тудырмайды, себебі балалардың пікірі бойынша ол біркелкі және кейде тым күрделі болвтындығын сөз етті. 

       Семинардың үшінші жоспарында тәрбиеші Оразбаева М.Б. ермексазды спричке салып ыстық суға сәл салу арқылы жұмсартып, жіңішке жіп жасау тәсілдерін көрсетті. Жіп ермексазбен ойыншық контурларына сурет салу жұмысын жүргізді.

Мастер –класс «Ермексазды жіппен сурет салу»

     Тәрбиеші Куртеева Т.Н. пенамен монотипия техникасымен гүлдердің түрлерін жасап шығуды педагогтармен орындап шықты. Педагогтар техника түрін  қызыға отырып,  шығармашылықпен орындады.

Мастер –класс «Балабақшадағы витраждық өнерді игеру» және «Көбік монотепиясы»

      Тәрбиеші Султанова Г.Ж.балабақшада дәстүрден тыс сурет салудың  балабақшаның кіші топтарға арналған  техникасынан 1 кіші «Ботақан», «Колобок», «Тәй-тәй» топ тәрбиешілерімен тәжірибенің мазмұнын түсіндіре отырып, бірге орындап шықты. Орындалған техника түрлері файлда қою гуаштың түрлерін қатар орналастырып, файлдың сыртынан балалардың ойыншық машиналарын жүргізу арқылы жолдар жасаса, бірі саусақтарымен файл сыртынан өрнектер жасап көрді.

Мастер-класс «Көбіктегі мозайка»

     Семинардың қорытындысында педагогтардың орындауында салынған суреттен көрме нәтижесі қорытындыланды.Тәрбиеші Султанова Г.Ж мен Байдешова К.Ж.  күрделі техника түрлерінің қалай жаалғандығы туралы түсіндіріп берді. Тәрбиешілер шығармашылығын бағалап, балабақша әкімшілігі сыйлықтармен марапаттады. Семинар соңында балабақша басшысы Темирбекова Ж.А. балалармен мастер-класс өткізген тәрбиешілердің жұмыстарына баға беріп дипломдармен марапаттады. Сондай-ақ көрмеге қатысқандары үшін педагогтар шығармашылық жұмыстары сюрпиз төсбелгілерімен марапатталды. 

Үйге тапсырма: (видео арқылы  шыны банкалардан жасалған гүл салатын вазалардың қалай жасалу тәсілдерін көрсетті және алдын-ала жасалу тәсілдері көрсетілді) 

1.Банкалардан гүлге арналған вазалар жасап келу (келесі семинарға әр топтардын тәрбиешілері мен  мамандардың жасауында).

2.Әр айдың сурет салу перспективалық жоспарының тақырыбына сай жұмыс түрін дәстүрден тыс сурет салу техникасымен қолданылсын.

 

 

   Жетекші:                          Сейтжапбарова Г.Б.                 Хатшы:                          Оразбаева М.Б.

Вход на сайт
Поиск
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0