+7
101302, г. Сатпаев, пр. Независимости 29

Тәлімгерлер мектебі. Тәрбиеші Абишева Б.А. баяндамасы


Главная » Каталог статей » Мероприятия

Мектепке дейінгі ұйымдағы оқу үдерісін ұйымдастыру базалық білім, білік, дағдылар, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде мектеп жасына дейінгі балалардың түйінді құзыреттілігінің қалыптасуын қамтамасыз етеді. Осыған сәйкес мектепке дейінгі балалардың бойында қоршаған ортаға қызығушылық білдіруге, экологиялық білімді меңгертуге танымдық құзыреттілікті қалыптастыру басым бағыттарының бірі болып табылады.

Мектепке дейінгі балалардың танымдық және шығармашылық белсенділіктерін қалыптастырудың тұлғалық негізділігін төмендегі психологтар жіктеп берген:

Л.С.Рубинштейн, Л.И.Божович, Л.А.Венгер, Л.С.Выготский, П.Я.Гальперин, А.В.Запорожец, Д.Б.Эльконин, Т.Тәжібаев, М.Мұқанов, Қ.Жарықбаев, Ә.Алдамұратов, Х.Шерьязданова және т.б.

Мектепке дейінгі тәрбие мәселелері жөнінде ғылыми-теориялық және әдістемелік зерттеулер Б.Б.Баймұратова, А.Меңжанова, М.С.Сәтімбекова, М.Т.Тұрыскелдина, Ә.Әмірова, А.Е.Манкеш, Қ.Меңдаяқова, Ф.Н.Жұмабекова, Ж.С.Хасанова, Ж.Рысбекова, А.Т.Искакова, А.Х.Казетова т.б. жасаған.

Мектепке дейінгі білім беру теориясы және әдістемесі Ұ.Т.Төленова, Н.С.Сайлауова, Г.З.Таубаева, К.М.Метербаева, Шолпан Сапарбайқызы т.б. еңбектерінде зерттелінген.

Мектепке дейінгі кезеңге қарқынды морфологиялық –қызметтік даму тән.Ересек адам мектепке дейінгі балаға күшті педагогикалық әсер етеді,ол өзара әрекет үрдісінде кешенді әдістер мен тәсілдер көмегімен танымдылық белсенділікті қалыптастырады, балалардың психологиялық ойлау, қабылдау, есту, сөйлеуді өзіне сенімділікті және ынталықты дамыта отырып, олардың белсенділік танымдық іс-әрекет пен шығармашылыққа бой алуына көмектеседі. Балалардың танымдық белсенділігін дамыту мәселесі тәрбиешілерден теория және практикада жаңалықты іздеуді талап етеді.

Қазақ халқының ұлы ойшылы А.Құнанбаев «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала болама?» - деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады.

Ойын – таным процесін дамытудың негізі болғандықтан әрбір тәрбиеші оқыту мен тәрбие берідің мазмұнын үнемі ойын элеметтерімен толықтырып отыру керек.

Ойын арқылы дамыған бала мектеп есігін ашқанды білімді, өзінің писхологиялық жағын жетілдіре біледі. Мінез - құлқын, қабілетін дамытып, дүниетанымын кеңейтеді.

Ойындарды әрбір оқу қызметте түрлендіріп қолдануға болады, көрнекіліктер тартымды болса балалар қызыға қатысады. Оқу процесін ширатады, баланың оқуға деген ынтасын арттырады, сабақ қызықты өтеді. Ойын белгілі бір қабілеттерінің қосындысы, оны былай көрсетуге болады: зейін + қабылдау + ес + ойлау + қиял.

Зейін

Қажетті ақпаратты алу және артығын ығыстыру үдерісін сипаттайтын маңызды қасиет. Ол нақты қасиеттерге ие: көлемі, тұрақтылығы, шоғырлануы, таңдамалылығы, бөлінуі, алмасуы және ырықтылығы. Айтылған қасиеттердің әрбіреуі бұзылса, баланың мінез – құлқы мен іс – әрекетіне ауытқушылықтар болады. Зейін бөлу қабілеті нашар дамыған, бала бір уақытта бірнеше жұмысты қатесіз орындай алмайды. Осындай кемшіліктерді болдырмау үшін арнайы ұйымдастырылған жұмыстар қажет.

Мұндай жұмыс екі бағыт бойынша жүруі тиіс:

  • Зейіннің негізгі қасиеттерін жаттықтыратын арнайы жаттығуларды қолдану.
  • Жеке тұлға қасиеті ретінде зейінділікті қалыптастыру жаттығуларын қолдану.

Қабылдау

Қоршаған әлем туралы ақпараттың шамамен 80%-н бала көру арқылы қабылдайды. Ересек топ балаларда көріп түсіну және қабылдаудың рөлі зор. Қабылдаудың дамуы ересектер топ жасына дейінгі балаларға объектінің қасиеттерін тануға, бір затты екіншісінен ажыратуға, олардың арасындағы байланыс және арақатынастың бар екенін анықтауға мүмкіндік береді.

Ес

Мектепалды даярлы кезең есте сақтау және қайта жаңғырту қабілеттерін дамытуды күшейтумен сипатталады. Ес ересек топ балаларда ырықты сипат түрінде болады. Балалар өз алдарына есте сақтау міндетін қоя алмайды және ересектер мұндай тапсырманы қайта жаңғыртпайды. Сондықтан жаңа білім бала үшін қандай да бір маңызы болуы керек – осы ақпарат оның қызығушылығын қаншалықты оята алса, оны соншалықты жақсы есте сақтайды. Есті дамыту және ынталандыру арнайы жаттығулар мен ойындар ықпал етеді.

Қиял

Ересек топ жастағы кезеңде қиял функциялары аса белсенді дамуымен ерекшеленеді.

Қиял балаларға ертегідегі бейнелер мен оқиғаларды шынайы қабылдауға мүмкіндік береді. Психикалық бейненің кез келген формасы сияқты фантазияны дамытудың позитивті бағыты болуы керек. Ол енжар арманшылдыққа ұласып кетпей, шындық өмірді қиялданумен ауыстырып алмай тұрғанда, қоршаған ортаны жақсы тануға, жеке тұлғаның өзіндік ашылуына және өзіндік жетілуіне көмектесуі керек.

Вход на сайт
Поиск
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0