+7
101302, г. Сатпаев, пр. Независимости 29

Семинар-практикум Ортаңғы «А» тобы


Главная » Каталог статей » Мероприятия

№33 «Күншуақ» КМҚК бөбекжай балабақшасы
Семинар-практикум 
Ортаңғы «А» тобы

                                                                                     Дайындаған тәрбиеші: Магзумова Г.К.

 


Сәтбаев қаласы
2018ж


Тәжірибе жұмысы: Сиқырлы бояулар» , «Күзгі пейзаж»

Мақсаты: Сурет салудың дәстүрлі және дәстүрден тыс әдіс - тәсілдері арқылы  балалардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын ояту,балалардың бойында  шығармашылық ізденіске деген құштарлықты арттыру, өзіндік іс-әрекет жобасын құрауға мүмкіндік жасау.Оқу іс-әрекеті кезіндегі тәртіп ережелері мен ұжымдық бірлестікке тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері:
Кел балалар күлейік
Күлкіменен түлейік
Түрлі-түсті бояумен
Әсемдеп біз жүрейік
Бізге келген қонаққа
                                             Иіліп сәлем берейік
-Жыл мезгілдері нешеу?
-Төртеу. (Қыс, көктем, жаз, күз) 
-Қазір қай мезгіл?
-Күз
-Күз айлары нешеу?
Үшеу. (Қыркүйек, қазан, қараша)
 -Ағаштың жапырақтарының түстері қандай?
-Сары, қызыл, қызғылт сары
-Балалар түстер нешеге бөлінеді?
-Екіге. Жылы түстер және суық түстер.
Пейзаж жанры жайлы балаларға түсіндіремін.
Пейзаж – француз сөзі, табиғатты бейнелеу. Пейзаж дербес жанр ретінде Қытайда, Жапонияда және басқа шығыс елдерінде, сондай - ақ Еуропада дамыған. Пейзаж қайсыбір жерлерді жай ғана айнытпай бейнелей салу емес, онда суретшінің сезімдері мен ойларын берудің үлкен мүмкіндіктері жатыр. Адам өмірімен салыстырып қарағанда табиғат өмірі мәңгілік сияқты болып көрінеді. Пейзаж өнері де әр алуан. Кейбір пейзаждар табиғаттың өмірде бар нақты көрінісін бейнелесе, енді біреулері суретшінің қиялынан туады. Ондай шығармалардың бәрінде де суретшілер табиғаттың мінез - құлқын айнытпай беруге тырысады.
Пейзаж. Күзгі табиғатты бейнелеу.Тапсырма плакатқа орындалуы тиіс.Топ өздеріне ұнаған жапырақты таңдап алады.Жапырақта пейзаждың қай түрі бейнеленуі керектігі жазылады.
Ал бейнелеу кезінде өте ұқыптылықты қажет етеді. Үлкен жол алыстаған сайын жіңішке сызыққа айналады. Үлкен таулардың ағаштан кішірейіп салынған себебі, олар алыста тұр, ал ағаш бергі жағында тұр.
Сиқырлы боялармен жұмыс жасағанда балалар  3 топқа  бөлінеді.
1-топ балалары тәжірибе жұмысы: Ағаштың суреті салынған соған мақталы тақшаны бояуға батырып, ағаштың жоғары  және төменгі жағына жапырақтар салады.
2-топ балалары тәжірибе жұмысы: Ақ қағаз бетіне жоғары жағы көк бояумен боялған, ортасы жасыл, төменгі жағы қоңыр  бояумен боялған.Жапыраққа сары, қызыл, қызғылт сары түстерді (гуаш пен қылқаламмен) бояп парақ бетіне бастырма жасайды.
3-топ балалары педагогпен бірге тәжірибе жұмысы: Фольганың бетіне сурет салу.Фольганың бетіне сурет салғасын қағаз қойып суретті батырып алады.
Саусақ жаттығуы:
Оң саусағым шаршады,
Сол саусағым шаршады.
Саусақтарым бірігіп,
Билеп, билеп алады.
Қортынды.
-Балалар 1- топ,2-топ, 3-топ өздерінің жасаған жұмыстарын айтады.
Ал балалар тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Кездескенше күн жақсы.
Сау саламат болайық.

 

Вход на сайт
Поиск
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0