+7
101302, г. Сатпаев, пр. Независимости 29

Сценарий


Главная » Каталог статей » Мероприятия

«Ағаштар неге ашуланды?»


(Ойын сауық күні)
Ортаңғы А «Біз көңілді балалар» тобы
Дайындаған: тәрбиеші Султанова. Г.Ж
Мақсаты: Балаларға жаз мезгілі жайлы түсінік бере отырып, орман көрінісінен мағлұмат беру.Ормандағы аңдарға, олардың ерекшеліктеріне мән бергізе отырып түсіндіру. Ағаштартуралытүсініктерін, ой - өрісін дамыту.
- Сәлеметсіздер ме балалар мен қонақтар!
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Өте дұрыс жаз айларын атап беріңдерші?
- Жазда ауа райы қандай болады?
- Балалар сендер қандай жабайы аңдарды білесіңдер?
- Жабайы аңдар қайда мекендейді?
- Дұрыс айтасыңдар, сондықтан оларды орман тұрғындары дейміз. 
Орманда не өседі екен?
Қандай ағаштар өседі екен? 
Шырша, қайың, қарағаш, қарағай, емен, бәйтерек.
Тәрбиеші: Балалар, мен бізге қонаққа біреу асығып келе жатқандай. Кім келе жатыр екен? Алмабек кіреді.
Алмабек: Сәлеметсіз бе, балалар! Алмабек жақсы келдің бізбен бірге орманға жүр, таза ауамен демалып келеміз.
Көзімізді жұмамыз Әуен ойналады, (құстардың шуы) Алмабек:Қандай керемет. Құстарды қараңдар, ағаштар қалай көп. Бұтақты сындырып от жақпақшы болады, құстарды атпақшы болады, кәмпит жеп қағаздарын лақтырады.
Тәрбиеші:Алмабек құсты атуға,ағашты сындыруға болмайды. Сен жақсы бала болды деп жүрсек сен бұрынғы әдетіңді қайта бастапсың ғой. Ағаштар саған ашулы сенің кесіріңнен біз үйге қайта алмаймыз.
Желдің даусы 
Емен сөйлейді:біз сені кешірмейміз.
Алмабек:Кешіріңдерші мені, мен енді ағашты сындырмаймын, құстарды аттпаймын қоқысты лақтырмаймын. Не істеймін енді.
Тәрбиеші: Алмабекті кешіріңіздерші.Ол енді жақсы бала болады.
Емен сөйлейді:Жарайды бірақ менің тапсырмаларымды орындайсыңдар
1 тапсырма. «Бұл қай ағаш?» ойынын ойнайық.
Тәрбиеші:жарайсыңдар балалар, енді ағашты қарастырайық. 
Балалар ағаштың бөліктерін атайды. Балалар мынау – ағаш, ал мынау ағаштың діңгегі, ал мынау бұттағы, ал мынау жапырағы.
Тәрбиеші: қалай ойлайсыңдар, ағаш тірі табиғатқа жатама әлде өлі табиғатқа жатама? Неліктен? (Ол тыныс алады, тамақтанады, өседі, көбейеді.) Ағаш қалай дем алады? Дұрыс, жапырағы. Ағаш зауыттарды, фабрикаларды, машиналарды тастайтын лас ауаны жұтады, ал оттегіні береді - бұл адамдардың өміріне қажетті таза ауа. Балалар ағаштың бізге берер пайдасы өте көп
2 тапсырма.Табиғат туралы өлең оқып беріңдер
Сарбиназ 
Сүйейік табиғатты аялайық,
Біз одан жақсылықты аямайық. 
Анадай табиғаттың аясында, 
Жадырап жас балаша дем алайық!
Алибек
Жақсылықты қолдаймыз, 
Табиғатты қорғаймыз. 
Гүл егеміз бақтарға, 
Айналасын қоршаймыз.
Көркем
Бұтақтарды сындырмай, 
Тазалықты сақтайық.
Гүл өсіріп, су құйып, 
Табиғатты қорғайық.
Жансулу Табиғат біздің анамыз, Жер–Ана біздің панамыз. Таза болса табиғат Біз де аман боламыз.
Айқын
Құс ұясын бұзбаңдар, 
Балапанын алмаңдар.
Құстар біздің досымыз,
Обалына қалмаңдар.
Аружан
Мен жерімді сүйемін, 
Жеріме дән себемін. 
Ауа таза болсын деп, 
Жылда ағаш егемін.
3 тапсырма.Ойын:«Қоқысты жина»
Тәрбиеші:Қарашы жан жағына қаншама қоқыстар балалар мына қоқысты жинап алсақ қалай қарайсыңдар мүмкін ағаштардың ашуы қайтар.
Тәрбиеші:Алмабек қоқысты жинадық жарайсың, 
4 тапсырма.«Ағаш заттарды тап» ойыны (музыкалық сүйемелдеумен).
Тәрбиеші: Балалар,қанша ағаш заттарды тапқаныңызды қараңыз! 
Тәрбиеші: Балалар, ағаш заттар неден жасалынған?
Балалар: ағаштан.
 3 тапсырма.Ойын:«Гүл егеміз»
Өлең:«Гүлдер»
Емен ағаш:Балалар біздің тапсырмаларымызды орындап, көңілімізді көтергендерің үшін Алмабекті кешіреміз.
Тәрбиеші:Олай болса үйге қайтайық
Алмабек:Балалар сендерге көп рахмет 
Мен орманережесін түсіндім, балалар менімен бірге қайталаңдар
Орманға барғанда от жағуға болмайды.
Құстың ұясын бұзуға болмайды.
Ағаштың бұтақтарын сындыруға болмайды.
Қоқысты тастауға болмайды.
Көбелекті аулауға болмайды.
Құмырсқаның илеуін бұзуға болмайды.

Вход на сайт
Поиск
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0