Педагогтарға арналған мастер – класс
Главная » Каталог статей » Мероприятия |

Мастер класстың мақсаты: Қуыршақ театрының әртүрлілігі туралы педагогтардың түсініктерін қалыптастыру. Мектепке дейінгі жастағы балалармен театрға арналған өз қолдарымен (орамал қуыршағы) қол астындағы материалдан қуыршақтар дайындауға педагогтарды қызықтыру және ынталандыру. Педагогтарға әдеттегі іс - әректтерді қызықты етуге көмектесу.
Мастер-класс міндеттері:
-Қарапайым театр қуыршақтарын орамалмен жасау бойынша практикалық білім беру;
- Әр түрлі қолда бар материалмен жұмыс істеу тәсілдерін іздестіруді бастау;
- Педагогтардың өзіндік қызметін ұйымдастыруға ықпал ету;
-Театрланған қызметке педагогтардың назарын аудару.
Құрметті әріптестер! Сіздердің назарларыңызға мектеп жасына дейінгі балалармен театрландырылған қойылымдарға арналған орамал қуыршақтарды жасау бойынша мастер-классты ұсынамын. Орамал қуыршақтар қолда бар заттардан жасалады. Олар белгілі бір кейіпкерді сомдап, би, ән, сөз, бейнелеу және театр шығармашылығында пайдаланылады. Педагогтар мұндай қуыршақтарды негізге ала отырып, балалардың эскиз жобаларын жасауда белсенділік пен жылдамыдылыққа, сөз бен би образдарын жасауға, музыка мен театр, мереке мен көңіл көтеруге, экмперименталды ойындар, мәдени сауық шырмашылығына бейімдейді және т.б.
Балалар кеңістіктегі әр заттың орналасу тәртібін ойына түйіп, сюжет желісін түсіндіруде белсенділік білдіріп, өздері түсінген тәсілдермен бояйды. Көріністі көру барысында көру мен тыңдау арасындағы байланыс жарқын, ынтамен қабылданады, бұл әсіресе ересек бүлдіршіндерде байқалады. Орамалды қуыршақ театры өзінің бір ерекше музыкалық сүйемелімен, өз декорациясы киімімен толығымен сюжет желісін түсінуге, қабылдауға қатты септігін тигізеді. Сонымен, мектепке дейінгі бүлдіршіндердің қуыршақ театрының сюжет желісін қабылдауы баланың сезінуі арқылы жүзеге асады, яғни, бақылау, ерекше бір мінез-құлықты сезіну, оймен талдау, обьектінің түсі - қуыршақ театрынан алған әсерін толықтай түседі. Орамалды қуыршақ жасау үшін көп уақыт пен үлкен шығындар қажет емес, оны қолыңыздағы материалдан жасауға болады.
Орамалды қуыршақ жасау үшін бізге келесі материалдар қажет:
- түрлі-түсті маталар (фетр)
- дайын орамалдар немесе түрлі-түсті маталар
- қайшы
- ине және жіп
- желім
- сәндік көздер
- тоқыма жіп
- резинка
Орамал қуыршақ ақпараттық құрал ғана емес, ол баланың ашылу, сезіну, эмоционалдық қабілетін дамытады. Бұндай бағытты жүзеге асырудың негізгі шарттатрының бірі бала-ересектер қоғамын құру арқылы жүзеге асады. Бұл жерде педагог ойынды пайдалана отырып, қуыршақ пен бүлдіршін арасын байланыстырады. Педагог қолындағы орамал қуыршақ ғажайып ертегі әлемін, би, табиғат, өнер, театр әлемін түсінуге себеп болады. Ересек адам ғана бүлдіршіннің әлемге деген көзғарасын ашады:
- Зияткерлік (ойлау, қуану, сезіктену, таңғалу);
- Адамгершілік (мейірімділік, шыншылдық, бәсекелестік, достық, керек кезде қол ұшын беру т.б.);
- Эстетикалық (таңдану, масаттану, ашық қуану т.б.);
- Өнім жасауға байланысты практикалық жұмыс, соның ішінде орамал қуыршақтары.
Орамалды қуыршақтың өндірісі:
1.Қуыршақтың басын жасау
- фетрден, қайшымен шеңбер қиып алыңыз (қуыршақтың басы);
- мұрынын, ернін қиып алыңыз;
- Тоқыма жіптен шашын жасаймыз;
- қуыршақтың бетіне желіммен көздер, мұрын, ернін, шашын жабыстырамыз;
Сонымен қуыршақтың басы дайын!
2. Қуыршақтың денесін (көйлегін) жасау
- Алдымен матаны алып, үлкен төртбұрыш тігеміз.
- Орамалдың жоғарғы бөлігін, инемен және жіппен бір байламға жинаймыз
(үлкен толқындарды жасаймыз)
- орамалдың төменгі ұштарына резинкадан ілмектерін тігеміз
-желіммен біз қуыршақтың дайын басын орамалға жабыстырамыз.
Міне, біздің театрландырылған іс-әрекет үшін арналған орамал қуыршақ дайын!
Бала шығармашылығындағы маңызды талаптардың бірі бұл сезіну қабілеттілігінің мәдениетін дамыту, әртүрлі шығармашылықта көркемдік көзкарасты дамыту. Музыка мен бейнелеу өнерінің арасындағы қарым-қатынас орамалды қуыршақ театрының сюжет желісіндегі образдарды түсінуге септігін тигізіп, белгілі бір бейнені құрастыруға көмектеседі. Бұндай көріністердің әсері өте мол.
Педагогтарға арналған мастер – класс өткізген
бірінші санатты тәрбиеші Абишева Батима Ахмедиевна