Педагогикалық кеңес 30.03.2018
Главная » Каталог статей » Мероприятия |

Мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру үдерісінде
"Мәңгілік ел"
патриоттық актісінің құндылықтары
«Мәңгілік Ел» идеясының маңыздылығы «Халық өмірі оның келесі ұрпағымен жалғасып отырады.Сондықтан Халықтың Мәңгілігі туралы арманнан асқақ арман жоқ.
Мәңгілік Ел – бұл ертеңгі күнге есік ашатын, болашаққа сенімді арттыратын идея, бұл – кері қайтпайтын және берік тұрақтылықтың символы...», - деді Елбасы Н. Назарбаев.
«Мәңгілік Ел» Патриоттық Актісі - Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңымен бекітіліп, 2016 жылғы 26 сәуірінде қабылданған алғашқы жалпыхалықтық идея.
«Мәңгілік Ел» Патриоттық Актісі –жалпыхалықтық құндылықтарды жоғары қойып, қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін біріктіретін, Қазақстан халқының ұлттық мәдениетін, тілдері мен дәстүрлерін өркендетіп сақтауға және дамытуға арналған бірден бір құралы болып табылады.
«Мәңгілік Ел» Патриоттық Актісінің өзегінде қарапайым, түсінікті және біздің әрқайсымыз үшін қымбат ақиқаттар – отбасымыздың амандығы, қонақ жайлық және еңбекс үйгіштік, тұрақтылық, қауіпсіздік және бірлік, ертеңге деген сенім ұғымдары орныққан.
Мектепке тәрбие – барлық тәрбиенің бастауы, сәбидің жеке тұлға болып қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Алғашқы отансүйгіштік, патриоттық сезімдері отбасы мен балабақшадағы тәрбиеден бастау алады. Туғандарына, жақындарына деген махаббаты, туған өлкесіне, қаласына сүйіспеншілігі бала санасына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады.
Елімізде тұрып жатқан әр бір қазақстандық ұлтына, жасына, шығу тегіне қарамастан Актіде белгіленген жеті негізгі құндылықтарды қастерлеп, бағалау қажет.
Әрбір адамның жеке басы мен бостандығын құрметтейтін, өзіне-өзі қызмет етуге жағдайы жоқ жандарды қамқорлыққа бөлейтін, қандай еңбекті болса да бағалайтын, ана мен баланы қорғайтын, зейнеткерлерге қамқор болатын, ардагерлер мен отан қорғаушыларды ардақ тұтатын қоғам құруға тиіспіз. Бұл - Қазақстанның шынайы патриоттарының басты ісі. Сондай-ақ «Қазақстандық патриотизмді» еліміздің әрбір азаматының санасына сіңіру - кезек күттірмейтін мәселе. Ұлтына, нәсіліне, сенімі мен нанымына, саяси көзқарасы мен ұстанған бағыт-бағдарына, т.б. ерекшеліктеріне қарамастан, Республикамыздың әрбір азаматы өзі өмір сүріп, ауасын жұтып, игілігін пайдаланып отырған мемлекетін «Туған елім, Отаным» деп тануы қажет.
Мемлекетке есімін беріп отырған ұлттың салт-дәстүріне құрметпен қарау, оның тілі мен дінін сыйлау, заңдарына бағыну, рәміздерін ардақтап, жетістіктеріне шаттану-қоғамның әрбір мүшесінің басты міндеті.
Дамыған елдің адамы – нағыз патриот: өз елін, өз жерін, Отанын сүйеді, өз тілін, дәстүрін, әдебиетін,тарихын біледі, қадір тұтады.
Сондықтан Отанын сүйген нағыз патриоттарды, өз ана тілін қадірлеп, сол тілде сөйлетін, ата-бабасы жүріп өткен тарихи жолдың жеңістерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізер болашақ ұрпақ өкілдерін, елінің нағыз жанашыр азаматтары ретінде қалыптасуға тәрбиелеу педагог мамандардың жауапты міндеті болмақ.
Елбасы тәуелсіздік тізгінін берік ұстайтын, халқымыздың мақсат, мұратын жарқын болашаққа жеткізер кейінгі ұрпақтың алға қоятын негізгі қағидалары – бейбітшілік, келісім және қажырлы еңбек болу керек деп атап өтті.
«Мәңгілік Ел» Патриоттық Актісінің жарқын символы, халқымыздың мақтанышы мен жетістігі Тәуелсіздік пен Астана қаласы. Себебі Тәуелсіздік пен Астана екеуі егіз ұғым. Астана - Тәуелсіздік алғаннан бергі еліміздің өркендеп, көркеюінің, жеткен жетістіктерінің символы іспеттес.
Тәуелсіздік – ата-бабамыздың ежелден аңсап жеткен арманы. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының жемісі. Бүгінгі күні халқымыз өткеннен тарихи өнегені, отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, әрі қарай ұрпақ санасына патриоттық сезімді енгізуге ерекше көңіл бөлініп отыр. Келешек ұрпақ тәуелсіздікпен қатар «Қазақстан», елтаңба, ту, әнұран сөздерін ұғынып, жүрек тұстарына қолдарын қойып, мақтаныш сезіммен әнұранды жатқа айтады.
Астана – әлем деңгейінде айтулы шаралар өтетін қалаға (әлемдік және дәстүрлі дін басшыларының съезді, экономикалық форум, Саммит ОБСЕ т.б. ЭХРО-2017), инновациялық жобалау, интеллектульды, мәдени орындарға бай, евразиялық өзіндік стилі бар, Батыс пен Шығыстың мәдениетін үйлесімді байланыстыратын рухани орталық болып өркендеуде. Астана – армандағы қаладан жетістігі мол, өркениетті қалаға айналды. Еліміздің әр кішкентай бүлдіршіні Астана қаласын біледі. Олар Бәйтеректі, Хан шатырды, Бейбітшілік және Келісім сарайын т.б. көрікті жерді мақтаныш сезіммен суретке салып, әнге қосып жырлайды.
Ересек топтарда Отанына, кең байтақ еліне, туған жерінің көркем табиғатына, күннен күнге өркендеп дамып келе жатқан Астанаға деген махабаттарын ән- жыр, өлең, бимен жеткізеді.