Мультфильмдердің дыбысталуы
Главная » Каталог статей » Мероприятия |

Әр түрлі жасқа қарамастан балалардың барлығы мультфильмдерді көргенді ұнатады. Мультфильмдер адам арасындағы қарым-қатынасты бейнелейді. Олар түрлі кейіпкерлермен, жарқын көріністермен әшекейленіп, балалар көңілін баурап алады. Мультфильмдердің кейіпкерлері қоршаған ортамен қарым-қатынас жасаудың әр-түрлі әдістерін бейнелейді. Олар бүлдіршіннің жақсы және жаманды білуге, дұрыс пен бұрыс, ақ пен қараны ажыратуға үйретеді. Бала кез-келген кейіпкермен өзін салыстыра алады,оларға ұқсағысы келеді, өзінің қорқыныштарымен, қиындықтарымен күресуге және қоршаған ортаға мейіріммен қарауға үйренеді. Мультфильмде жүріп жатқан көріністер баланың ойына әсер етеді.
Көркем фильмді немесе мультипликациялық фильмді көргенде дыбыс қалай пайда болатынын ойлайсыз ба? Бұл көптеген адамдардың үлкен жұмысы: актерлер, дублерлер, шумовиктер, музыканттар және дыбыс операторы.Қандайбір фильм түсірілгендедыбыстау үш түрі қолданылады:
-сөйлеу;
-музыкалық;
-шулы.
Дыбыстау-бейнені түсіруден бөлек дыбыстық сүйемелдеу процесі. Дыбыстау процесі неден басталады? Барлығы лайықты актерлерді іздеуден басталады. Ассистенттер тек дауысты ғана емес, олар кейіпкерлердің типіне қарай да таңдайды.
Дыбыстау-кез келген мультфильм жасаудың ең маңызды бөліктерінің бірі. Сөйлеу-бұл кейіпкерлердің ойлары мен сезімдерінің дыбыстық көрінісі. Ол интеллект пен рационалдылықпен байланысты.Адамның дауысы мен сөзі, оның ырғағы, интонациясы мен тембрі осы нақты тұлғаның тән ерекшелігі болып табылады. Сөйлеуді жазып алу-мультфильмнің дыбыстық шешімі бойынша жұмыстың ең қиын және жауапты бөлігі. Көптеген кәсіпқойлар жақсы дыбыс-бұл түсірілімнің табысты болуының жартысы дейді. Шынында да, экранда қозғалатын суреттер дауыспен өмір сүреді. Жақсы дыбыстау арқылы тіпті ең қызықты сюжет жасауға болады, сондай-ақ нашар дыбыстау жақсы сценарийді жоққа шығара алады. Сондықтан, мультфильм жасаушыларына өз кейіпкерлерін дауыспен беру кезеңіне ерекше мұқият келуге тура келеді.
Дыбыс - драматургияның толық құқылы компоненттерінің бірі болуы керек. Музыка, шу немесе дикторлық мәтін болсын, олар әрекетті толықтырып, оны өткір, мәнерлі жасау керек. Өйткені әр түрлі дыбыстық сүйемелдеумен бірдей суреттің комбинациясында жиі мүлдем қарама-қарсы әртүрлі бейнелер пайда болады.
Мультипликацияның дыбыстық шешімі басқа да ерекшеліктерге ие. Біріншіден, мультипликациялық кейіпкерлер жиі ерекше дауыстарды талап етеді (түрлендірілген, өзгертілген). Бұл трансформацияланған дауыстар кейіпкермен және оның артикуляциясымен дәл сәйкес келуі тиіс. Екіншіден, мультфильмдердегі ерекше шу, ерекше музыка (музыкалық аспаптардың ерекше дыбысталуымен). Үшіншіден, әдеттегі музыка мен қарапайым дыбыстар да ерекше кейіпкерлермен сәйкес келуі керек. Бірі сахнаны дайын фонограммаға түсіреді, басқалары түсірілгеннен кейін дыбыстайды. Дыбыстық мультфильмдерде сөз жоқ болуы мүмкін, бірақ музыканың сүймелдеуіболмауы мүмкін емес.Мультфильмдерде музыкамен кейіпкерлер жүреді, жүгіреді, жүзеді, ұшады, биледі. Музыка олардың сезімін білдіреді. Және біздің оларға деген көзқарасымыз, күлкілі немесе жанашырлық сезімдеріміз, пайда болады. Музыка әдеттегідейболып естілуі мүмкін, ал кейде таңқалдыруы да мүмкін. Әдетте, музыка түсірілімге дейін жазылады.
Мультфильмнің дыбыстық безендіруінде түрлі шулар да қолданылады. Олар әдетте фонограммаға енгізіледі, барлығы аяқталғанда немесе аяқталуға жақын қалған кезде.Егер мультфильмдегі бейнеленген сурет ақылға түсетіндей, нақты болса, онда дыбыс бейсаналық әрекет етеді және эмоциялық мәнер береді.Мультфильмдер үшін таңғажйып кейіпкерлер ғана емес, сондай-ақ олар өмір сүруі тиіс шулы ортаны ойлап табуға тура келеді. Ешкім ешқашан естімеген дыбыстарды ойлап табады. Бұл ретте олар өте сенімді болуы тиіс.
Әрбір студияда әр түрлі шулардың үлкен жинағы жиналған фонотека бар, бірақ режиссерге, әдетте, мультфильмді дыбыстаған кезде дыбыстаушы операторында жоқ нұсқасы қажет болуы әбден мүмкін. Бұл жағдайда шу ойлап табу қажет етеді.Алайда, табиғи шулар жиі дұрыс әсер бермейді, және бұл сенімсіздік тудырса да, жиі имитациялық шулар шынайы шудан ұтымды естіледі. Мысалы: егер қолмен крахмал бар шағын қапшықтарды қысса, аяқ астындағы қардың дыбысын жасауға, ал өзен толқындарының дыбысын ыдыстағы судың дыбысынан жасауға, жарылыс дыбысын - микрофон жанында сіріңке шірпісін жағу арқылы жасауға болады.
Біз қандай да бір мультфильмді көргенде оның дыбыстық безендірілуіне назар аударсақ, онда көбінесе дыбыстың іс-әрекет иллюстрациясы ретінде қызмет ететінін көруге болады. Мультипликацияда әдеттегі дыбыстар және ерекше дыбыстарды, шуды біріктіруге болады. Кейде қарапайым шулар күшті әсер етеді. Мысалы, мультфильмде мылтықтың атылуын көре отырып, біз дыбысталуын естиміз, сондай ақ біреу суға түссе-судың дыбысын; егер кейіпкер сөйлессе - оның артикуляциясы (еріннің қозғалысы) көре отырып, іс-әрекет пен дыбысталудың сәйкес келуін көреміз.Мультфильмді дыбыстаудың мұндай әдісі өте тиімді, өйткені бұл жағдайда дыбыс суреттегі кейіпкердің әрекетін нақтылайды, оны шынайы етіп көрсетеді.
№3 педагогикалық кеңес материалы
Дайындаған бірінші санатты тәрбиеші Оразбаева М.Б.