«Менің сүйікті қалам»
Главная » Каталог статей » Мероприятия |

Армысың шапағатты күн ана
Армысың шапағатты аспан ана
Құт дарытқан елімізге, жерімізге
Армысың мейірімді жер ана
Осы шапағатты күн анамен,мейірімді жер анадан бойымызға дарытқан мейірімді жүрегіміздің жылуын бір бірімізге сыйлайықшы.
- Балалар біз қай Республикада тұрамыз? (Қазақстан Республика)
- Балалар, сендер «Отан» деген сөзді қалай түсінесіндер? (өскен жеріміз)
- Отан жеген не?
Отан – менің ата-анам,
Отан – досым, бауырым,
Отан – өлкем астанам,
Отан – аудан, аулым.
- Біздін елімізді кім басқарады? (Қасым Жомарт Тоқаев)
- Астана қай қала? (Нұр-Сұлтан қаласы)
- Қай тілде сөйлейміз? (қазақ)
- Біздің үлтымыз? (қазақ)
- Балалар біздін туған, сүйікті қаламыз, қай қала? (Сәтпаев қаласы)
Балалар біз бүгін Сәтбаев қаласына саяхатқа шығамыз. Балаларға қаламыздың көрікті жерлерді көрсеіп, оларға қысқаша мәлімет беру.
Сәтбаев қаласы Қазақстанның көрікті қалаларының біріне айналып, әсем де жақсы қала ретінде танылуда.Сәтбаев қаласының тарихы Жезқазған кенді аймағын жан-жақты зерттеп, оның қазба байлықтарын игеру бойынша игі жұмыстар атқарған қазақтың ұлы ғалымы, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың есімімен тікелей байланысты. Іргетасы 1954 жылы жұмысшы кенті ретінде қаланып, Никольский аталған бұл мекен 1973 жылы қала мәртебесін алса, 1990 жылы шаһарға оның негізін қалаушы ғалым Қаныш Сәтбаевтің есімі берілді. Бүгінде мұнда «Қазақмыс корпорациясының» құрамындағы кеніштер мыс кенін өндіріп, елдің өркендеуіне сүбелі үлестерін қосып жатыр.Сәтбаев туралы, бүгін жырлап, әңгімелеп, мақтан етейік!
Туған қалам Сәтбаев
Туған қалам Сәтбаев,
Мақтанышым Қашанда.
Қазақтың ұлы ғалымы,
Академик атында.
Қазақтың ұлы ғалымы Қаныш атындағы қала жыл сайын өсіп өркендей түсуде.Топырағында дананың ізі қалған қалада Қ.Сәтбаев атындағы көше,ғалымның ескерткіші бой түзеген.Қаланың көрікті жерлері өте көп..
1. Сәтбаев қалалық әкімшілік
2. Қалалық аурухана
3. Балмағанбет Балқыбайұлы атындағы орталық мешіт
4. «Жеңіс» саябағы
5. Қ.Сәтбаев ескерткіш
6. Ш.Ділдебаев атындағы «Кеншілер сарайы»
7. Кеншілер аланы
8. Шынықтыру – сауықтыру кешені
Кеншілер алаңы,алғашқы кеншілер саябағын атап өтуге болады. Қаламызда көптеген мектептер мен бала-бақшалар,заманауи талаптарға сай денсаулық сақтау орындары ашылып жатыр.Бұл да қаламыздың әлеуметтік жағдайы күннен –күнге көтеріліп жатқандығының бір белгісі деп ойлаймын.
Өткізген:
бірінші санатты тәрбиеші
Абишева Батима Ахмедиевна