Мектеп пен балабақшаның байланыс жұмыс материалы
Главная » Каталог статей » Мероприятия |

- Балаң ақылды әрі есті болсын десең, дені сау, мықты етіп өсір. Ол жұмыс істесін, әрекеттенсін, жүгірсін, айқайласын, тынымсыз қимыл үстінде болсын.
Жан-Жак Руссо
- Баланы өз күшіне сендіріп үйрету керек.
Мағжан Жұмабаев
- Балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат.
Константин Ушинский
- Балаға қуаныш сыйлай отырып, оқыта тәрбиелеуге міндеттіміз.
Аркин Ефим Аронович
Ұсақ моториканың дамуы
Ұсақ моториканың дамуы. Графикалық жаттығулар арқылы баланың қолын мектепке дайындау.
«Баланың ақылы оның саусағының ұшында» А.Сухомлинский.Ұсақ моторика дегеніміз - бұл баланың қозғалысы, тілі, ақылы. Адам миының сөйлеуге және ұсақ қозғалысына жауап беретін аумақтары өте жақын орналасқан. Яғни моторикаға әсер ету арқылы біз сөйлеу әрекетінің белсенділігін арттырамыз. Ұсақ моторика баланың өсе келе киініп, шешінуіне, сурет салып, жазуына көмектеседі. Саусақ моторикасын не үшін дамыту керек?
Ұсақ саусақ моторикасының дамуы – бұл баланың психикалық дамуының көрсеткішінің бірі. Ұсақ моториканың қимылдары мен қолдың икемдігі бас миының құрылымының даму деңгейін және баланың мектепке психологиялық дайындығын көрсетеді. Ұсақ моторика – танымдық процестердің негізі: зейіні, жады, қабылдау, ойлауы мен тілінің дамуы, кеңістікті бағдарлауы.
Ұсақ моторикасы дамымаған бала - түзу сызық сыза алмайды (тігінен, көлденеңінен). Графикалық жаттығуларды орындау қиындық келтіреді (сандар, геометриялық пішіндер). Сурет салғысы келмейді, илеу, жапсыру жұмыстарын жасамайды. Мектепте жай жазады, каллиграфиясы нашар. Графикалық жаттығулар арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың ұсақ моторикасын дамытудың кезеңдері. Барлық топтарда ұсақ моториканы дамыту баланың қолын зерттеу мен ата-аналарға кеңес беруден басталады.
1 кезең. Дайындық. (ортаңғы топтан басталады) Қарындашпен таныстыру;
- «Жолдар» графикалық жаттығуы;
- Жиектен шықпай бояу (алдымен геометриялық
пішіндер беріледі, содан соң қарапайым заттардың сұлбасы).
2 кезең. Қарындашпен жұмыс жасауға саусақты дағдыландыру (ересек топ).
- Графикалық жаттығулар қиындатылады: жолдар
ұзартылады, жолдардың түрі қиындатылады. Контурды көшіру, нүкте бойынша көшіру. Үлгімен жұмыс (жиектеу және қосымша парақ);
- Геометриялық пішіндерді пайдалана отырып, қағаз
бетін бағдарлау.
3 кезең. Шығармашылық (мектепалды даярлық топ).
- Заттық, одан әрі геометриялық пішіндерді пайдалана
отырып сюжетті суреттер салу, сосын ойдан сурет салу;
- Түрлі сызық түрлерімен таныстыру;
- Қағаз бетін бағдарлай білуі және қисық көз
дәптермен таныстыру .
4 кезең. Қолды жазуға дайындық.
- Графикалықдиктанттар;
- Түрлі қиын сызбалар;
- Қисық көз дәптермен таныстыру;
- Ілгекпен, кірқыстырғыштармен жұмыс;
- Таяқшалармен ойындар;
- Баулармен жаттығу, моншақтармен жұмыс;
- Симметрия әдісімен суретті аяқтау.
Саусақ ойындары ептілікті, тілді, образды ойлауды, икемділігін, дыбыстық сөйлеу мәдениетін, өз қозғалысын реттеуді, шығармашылық белсенділігін, ой-өрісін дамытады.
Ата аналарға арналған жадынама:
Балаларға қажет трафарет, сызғыштар, түрлі қарындаштар, субояғыштар, әр түрлі форматтағы түрлі-түсті қағаздар, боямақтар (раскраски) және қауіпсіз қайшыларды дайындаған абзал. Бұлармен жұмыс істеу арқылы баланың ұсақ саусақ моторикасы дамиды.
Ата-аналар үшін кеңес
Дайындаған әдіскер Сейтжапбарова Г.Б.