+7
101302, г. Сатпаев, пр. Независимости 29

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті


Главная » Каталог статей » Мероприятия

Өткізген : Қазақ тілі мұғалімі Қасым Ж.С.

Бөлімі: Мемлекеттік тіл

Тақырыбы: «Менің Отаным -  Қазақстан»

Сабақтың мақсаты: Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан  Республикасының рәміздерін қастерлеуге, еліне, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында олардың сөздік қорларын көбейтіп, танымдық қызығушылықтарын арттыру.

Керекті құралдар: Қазақстанның картасы, елбасының суреті, Қ.Р. рәміздері,  глобус.

Сабақ әнұраннан басталады.

Қазақ тілі мұғалімі:

- Балалар, бүгін бізге қонақтар келіп отыр, келген қонақтармен амандасып алайық!

Таңғы шеңбер: Армысың аспан ата! Армысың жер ана!

                  Армысыздар қонақтар! Армысыңдар достарым!

Балалар үш тілде амандасады:

-Сәлеметсіздер ме! Здравствуйте! Hello!

Қазақ тілі мұғалімі: -Балалар, менің қолымда тұрған не?

Балалар: - Глобус.

Қ.т.м.: - Ия, бұл глобус, глобус – біздің планетамыздың үлгісі. Онда мұхиттар мен материктер, әр түрлі елдер, мемлекеттер  бейнеленген. Біздің мемлекетімізді тауып бере аласыңдар ма? Кәне, Данил көрсетші.

Данил ортаға шығып глобустан мемлекетімізді көрсетеді.

Қ.т.м.: - Баалалар, біздің мемлекетіміз қалай аталады?

Балалар: - Қазақстан!

Қ.т.м.: - Правильно ребята, Қазақстан наша Родина. Как будет на казахском языке Родина?

Балалар: - Отан!

Қ.т.м.: - Қазақстан – біздің отанымыз, туып өскен жеріміз. Балалар, біз қай қалада тұрамыз?

Балалар: - Сәтбаев қаласында.

Қ.т.м.: - Қандай балабақшаға барасыңдар? Балабақша қалай аталады?

Балалар: - №33 «Күншуақ» бөбекжай балабақшасы.

 Қ.т.м.: - Балалар, отанды басқа сөзбен қалай атауға болады?

Балалар: - Туған жер, атамекен!

Қ.т.м.: - Ендеше отанымыз туралы тақпақтар айтып берейік.

Ортаға балалар шығып отан туралы тақпақтар айтады.

Денис: Алтын дәнді даласы бар,

Ақ күмістей қаласы бар.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем.

Данил: Отан туған еліміз

Отан тұрған жеріміз

Отан ортақ үйіміз

Көңілді ән-күйіміз.

Лиза: Отан сенің ата-анаң

Отан – досың, бауырың

Отан – тарих, Отан – тіл,

Отан – қала, ауылың!

Рината: Ен даласын егін жапқан

Бар баласы бақыт тапқан

Менің елім, туған жерім

Күн сәулелі, Қазақстан!

Расул: Абай туған, Сәкен туған

Құрметте, досым, Қазақтың жерін!

Қамбаға жылда мол астық құйған

Қазақстан – Республикам менің!

Қ.т.м.: - Жарайсыңдар, балалар! Балалар, сендер білесіңдер ме, Қазақстан Республикасының  мемлекеттік тілі қандай тіл?

Балалар: - Қазақ тілі!
Қ.т.м.: - Ия, ал мемлекеттік тіл мұғалімінің атын білесіңдер ме?

Балалар: -  Жұлдыз Сәлиқызы

Қ.т.м.: - Тамаша, ендеше «Мақал – сөздің мәйегі» демекші, тіл туралы мақал-мәтелдер айтайық.

Балалар тіл туралы мақал-мәтелдер айтады:

«Тіл – тас жарады, тас жармаса бас жарады»

«Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді»

«Өнер алды – қылы тіл»

«Жақсы сөз – жарым ырыс»

«Ойнап сөйлесең де, ойнап сөйле»

Қ.т.м.: - Балалар, әр мемлекеттің өзінің  рәміздері болады, өзінің елбасшысы, перзиденті болады. Сендер біздің Қазақстан Республикамыздың рәміздерін білесіңдер ме?

Балалар: - Ту, етаңба, әнұран.

Қ.т.м.: - Президентіміз кім?

Балалар: - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Қ.т.м.:  -  Жақсы, ендеше жеке-жеке рәміздерімізге тоқталып кетейік.

Қ.т.м.: - Балалар, тудың түсі қандай?  Кім жауап береді, келе ғой Дильназ.

Дильназ жауап береді:

 - Тудың түсі – көк. Ол ашық аспанның, бейбіт өмірдің белгісі. Еліміз тыныш, аспанымыз әрдайым ашық болсын дегенді білдіреді.

Қ.т.м.: - Өте жақсы, жарайсың Дильназ. Ал тағы да туда не бейнеленген?

Арсен:

- Алтын күн мен қыран бүркіттің суреті Қазақстанда тұратын барлық халықтардың өмірі күндей жарқырап, қырандай самғай берсін дегенді білдіреді.

Қ.т.м.: - Дұрыс айтасың, Арсен. Балалар, тудың авторы кім?

Адият: - Шәкен Ниязбеков.

Д/ойын: «Көп тулардың ішінен өз еліңнің туын тап»

Қ.т.м.: - Қазақстан Республикасының келесі рәмізі - елтаңба. Балалар ортада ненің суреті бар?

Балалар: - Шаңырақ!

Қ.т.м.: - Шанырақ – ребята, символизирует круг небосвода. Перекладины обозночают четыре стороны света. Шанырақ передавыался из поколения в поколение и чем древнее был кара шаңырақ – тем более он почетался. На гербе шанырақ символизирует наш Казахстан как общий дом для многих народов. Вот эти лучи то есть «уык» они символизируют разные нации которые живут в Казахстане и считают его своей родиной.

Қ.т.м.: - Ал, мынау балалар, қанатты тұлпарлар. Бұл тұлпарлар мәңгілік өмір, халықтың арман тілегі мен самғау биігін білдіреді. Тұлпарлардың қанаттарында бидайдың суреті бейнеленген. Ол елімізде молшылық болсын дегенді білдіреді. Елтаңбамыздың төбесінде жұлдыз бар. Еліміздің жолы жұлдыздай жарық болсын дегенді білдіреді.  Елтаңбаның астыңғы жағында «Қазақстан» деген жазу бар.

- Балалар, енді Елтаңбамыздың авторларын атаңдаршы.

Расул: - Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков

Қ.т.м.: - Ал, ҚР мемлекеттік әнұранының авторлары кімдер?

Данил: - Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, Шәмші Қалдаяқов.

Қ.т.м.: - Балалар, енді қонақтарға рәміздер туралы тақпақтарымызды айтып берейік.

Рәміздер туралы тақпақтар

Мади: Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды.

Дильназ: Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбат, әдемі

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі!

Інжу: Әнұраны елімнің

Шақырады бірлікке

Егеменді халқымның

Болашағы бірлікте.

Қ.т.м.: - Балалар, сендер Қазақстанның елордасы, астанасы қандай қала екенін білесіңдер ме?

Балалар: - Астана қаласы.

Қонаққа «Бәйтерек» келеді.

Бәйтерек: - Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Балалар: - Сәлеметсіз бе!

Бәйтерек: - Мені таныдыңдар ма? Мен – Бәйтерекпін, Астана қаласынан келдім, сендер туралы көп естідім, сендерді білімді, отанымыздың патриот ұл-қыздары өсіп келе жатыр дегенді естіген соң, өз көзіммен көруге келдім.

Қ.т.м.: - Бәйтерек, келгенің қандай жақсы болды. Жана ғана сен туралы балалардан сұрайын деп жатқанмын. Балалар сени таниды екен.

Бәйтерек: - Балалар, мен сендермен ойнағым келіп тұр. Сендер Қазақстанның басқа қандай қалаларын біледі екенсіңдер, тексергім келеді.

Ойын «Қазақстанның ірі –ірі қалаларын ата»

Балаларға кезек-кезек доп лақтырады, қағып алған бала Қазақстанның қаласын атау керек.

Бәйтерек: - Балалар, жарайсыңдар, Қазақстанның қалаларын біледі екенсіңдер. Ал енді сендер Қазақстанның картасын білесіңдер ме, оны көрейік!

Ойын «Қазақстанның картасын құрастыр»

Бәйтерек: - Жарайсыңдар, балалар! Сендермен ойнаған маған қатты ұнады. Енді мына жерде қонақтар да келіп отыр екен ғой, мен қонақтармен де ойнағым келіп тұр.

Педагогтармен ойын: «Астананы білесің бе?»

Педагогтарға Астананың белгілі жерлерінің суреттерін көрсетеді, педагогтар ненің суреті екенін айтулары керек.

Бәйтерек: - Тамаша, рахмет! Менің Астанам туралы көп біледі екенсіңдер!

Қ..т.м.: - Бәйтерек, сен кетуге асықпа, балалар Отан туралы өлең айтамыз дейді, бізбен бірге ән шырқа.

Ән «Отаным»

Бәйтерек: - Балалар, сендерге көп рахмет, сендер сияқты еліміздің нағыз патриот жас ұландары өсіп келе жатқанын көргенде бір марқайып қаламын!!! Мен сендерге сыйлық әкелдім, мұғалімдеріңе сыйлықты беремін, артынан сендерге таратып береді.

Ал, маған Астанаға қайту керек. Мені Астана іздеп қалған шығар. Астанаға келіп тұрыңдар! Мен қуана қарсы аламын!!! Сау болыңдар балалар!!!

Бәйтерек кетеді.

Қ.т.м.: - Сау бол, Бәйтерек!!!  Ал, балалар, енді біз оқу іс-әрекетімізді аяқтайық, Сендерге бүгінгі оқу іс-әрекетіміз ұнады ма?  Қазақстан мемлекеті – біздің Отанымыз. Отанымызға жылы-жылы лебіздеріңді, тілектеріңді айтып, мына картаға естелікке алақандарыңның іздерін қалдырыңдар, сонда сендердің тілектерің орындалады.

Балалар бояуға қолдарын малып, тілектерін айтып, ілініп тұрған картаға қолдарының іздерін қалдырады.

Қоштасу шеңбері:

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық

Көріскенше күн жақсы

Сау саламат болайық!

 

 

 

 

 

 

 

 

Вход на сайт
Поиск
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0