«Бауырсақ» ертегісінің қойылымы
Главная » Каталог статей » Мероприятия |

Тәрбиеші: Сәлеметсіздерме, құрметті қонақтар! Алдарыңызда «Балапан» тобының балаларының орындауында «Бауырсақ» ертегісінің мазмұнына өзерту енгізілген яғни ертегі жақслықпен аяқталатын нұсқасын ұсынамыз. Қабыл алыңыздар.
Автор: Ерте, ерте, ертеде ормандағы бір үйе атай мен әжей өмір сүріпті. Бір күні атай кемпіріне былай депті:
Ата: кемпір, кемпір маған бауырсақ пісіріп берші.
Әже: Неден пісірейін? Үйде ұн жоқ қой.
Ата: Кемпір, міне саған ақша, дүкенге барып, ұнды сатып алып кел, содан бауырсақ пісір.
Әже: жарайды шалым, дүкенге кеттім.
Автор:әжей атаның айтқанын істейді, дүкенге барып ұн сатып алды, оны қаймаққа илеп, бауырсақ пісіреді.
Автор: осы сәтте атай мен әжейдің үйіне көршісі келеді.
Көршісі: сәлеметсіңдерме, атай мен әжей бауырсақ пісіріп жатырсыңдар ма? Білесіңдер ме орманда нелер жүргендерін?
Әже:олардың нелер екенін атаңның жұмбағын шешсең білесің.
Ата: Қалқиып ұзын құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады.
Көрші: ол не екен?
Әже: ол дегенің қорқақ қоян ғой.
Әже: ал көрші менің жұмбағымды табарсың, тыңдай ғой.
Өзі қу, өзі сұлу.
Жүрген жері айқай да шу.
Көрші:ол не екен ата айтыңызшы.
Ата: соны бімедіңбе, ол қу түлкі ғой.
Ата: мен тағы бір жұмбақ жасырайын, ойланып көрші.
Қыс бойы жатады,
Тәтті ұйқыға батады, ол не?
Көрші: білемін ол аю ғой, олай болса мен сіздерге бал әкелдім. Бауырсак піскенде шайға шақырарсыздар, мен кеттім (көрші кетеді).
Ата: кемпір мен барып балық аулап келейін (кетеді).
Автор:әжейдің пісірген бауырсағы, доп-домалақ болып, қызарынқырап әдемі болып піседі. Иісі сондай дәмді. Жаңа піскен бауырсақ ыстық болғандықтан әжей суысын деп ашық тұрған терезенің алдына қояды.
Әже: бауырсақ терезенің алдына тұрып, тез суысын, мен барып шай қоятын су әкелейін.
Автор: әжей шай қоюға су іздеп кетеді, сол кезде Бауырсак жата - жата шаршап бір көзін ашады, сосын екінші көзін ашады.
Бауырсақ: ой, ой ана жақта бау-бақша, орман бар екен мен барып көрейінші.
Автор: Бауырсақ осылай деп, далаға ашық терезеден шығып кетеді. Даладан бау-бақшадан өтіп бара жатканда сәбізді көріп, қызығып жұлып алады, орманға қарай домалай жөнеледі. Орманда әндетіп келе жатқанда, алдынан қоян шығады.
Қоян: Ммммм қандай ғажап иіс. Мынау, бауырсақ қой. Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.
Бауырсақ: қоянжан мені жемеші, мен саған сәбіз беремін және өлең айтып беремін (қоянға сәбізді береді)
Қоян:(сәбізді алып ) аа олай болса айтып берші кәнекей.
Бауырсақ:
Мен бауырсак, бауырсақ,
Әжеден қаштым,
Атадан қаштым.
Сондықтан ренжіме,
Мен сененде қаштым, тра-ля-ля, тра-ля-ля, тра-ля-ля, тра-ля-ля (домалап кетеді)
Қоян: о о о о о, бауырсақ қашып кетті ғой, қап бәлем, тауып алайын (ағаштың артына кетіп отырады).
Автор: Осылайша бауырсақ әрі қарай домалай жөнеледі, қоян оны дұрыс қарапта үлгірмей қалады. Бауырсақ жалғыз жолмен домалап келе жатса, саңырауқұлақтарды қөреді кандай тамаша деп қызығады да, біреуін жұлып алады. Домалап келе жатқанда алдынан қасқыр шығады.
Қасқыр: Ауууу, менің карным ашып тұр, сен дәмді бауырсақ екенсің, мен енді сені жеймін.
Бауырсақ:сәлеметсізбе, батыл қасқыр мені жемеші, оданда менің тамаша өлеңімді тыңдаңыз, мына саңрауқұлақ сізге арналған (қасқырға ұсынады).
Касқыр: аа солайма, жақсы олай болса әндете ғой.
Бауырсақ:
Мен бауырсак, бауырсақ,
Әжеден қаштым,
Атадан қаштым,
Қояннан қаштым,
Қасқыр сененде кеттім тра-ля-ля, тра-ля-ля, тра-ля-ля, тра-ля-ля (домалап кетеді).
Қасқыр: Аууу, мына қу баурсақ маған саңырауқұлақты ұстатып, алдап кетті ғой. Қап бәлем, қуып жетейін (ағаш артына келіп отырады).
Автор: Осылай деп бауырсақ әрі қарай домалай жөнеледі. Бауырсақ орман ішінен домалап келе жатса алдынан аюды кездестіреді.
Аю:Сәлеметсіңбе бауырсақ сен қайда бара жатырсың?
Бауырсақ: Сәлеметсізбе аю, мен орманды аралап,қыдырып жүрмін.
Аю:Тыңда мені бауырсақ, мен сені жеп қоямын.
Бауырсақ:Ой аю жоқ сен мені жей алмайсың.
Аю: неге?
Бауырсақ:
Өйткені, өйткені
Мен қояннан, қақырдан қаштым,
Және аю сенеде қашамын тра-ля-ля, тра-ля-ля, тра-ля-ля, тра-ля-ля (домалап кетеді).
Автор: Бауырсақ орман ішінен көбелекті ұстап алғысы келеді, бірақ көбелек одан биікке ұша жөнеледі. Сол кезде алдынан түлкі келе қалады.
Түлкі: Бауырсақ, сен қандай әдемісің, сұлусың туу қандай тамаша бауырсақсың.
Автор бауырсаққа түлкінің сөздері ұнаған соң ол өзінің өлеңнін айта бастайды.
Бауырсақ:тра-ля-ля, тра-ля-ля, тра-ля-ля, тра-ля-ля (дей бастағанда түлкі оған).
Түлкі :Тоқта, тоқта келші қасыма жақынырақ келші, менің кұлағым естімейтін еді.
Бауырсақ: түлкішек мен атадан, әжеден қаштым, бәрінен қашып өзім жоғалып кеттім. Енді атама,әжеме баратын жолды таба алмай қалдым.
Түлкі: менің қарным ашты. Не істейін бауырсақ?
Бауырсақ: құрметті түлкі маған көмектесші, сонда әжей шай береді, ал атай балық береді жүр біздің үйге, тауып берші.
Түлкі: солай дейсің бе бауырсақ, қанекей жүр онда. Олай болса жолдан достарымды да ала кетейік. (қолына микрафон алып, жан-жаққа қарап айтады) Достарым менің аю, қасқыр, қоян қайдасыңдар? Келіңдер бірге бауырсақпен дос болып, әжесі мен атасына қонаққа барып, тәттілерге қарық болайық (аңдар отырған ағаштар артынан шыға келеді де, шеңбер болып айналып әндете жөнеледі).
Автор: Осылай түлкі бауырсақты қолынан ұстап атасы мен әжесінің үйіне жол тартады. Бәрі бірге жолда қоян, аю, қасқыр, түлкі, бауырсақ бірге ән салады:
Ән саламыз күнде біз.
Біз жақсы достармыз.
Татту тәтті тұрамыз.
Асты бірге ішеміз.
Бірге ойын ойнаймыз.
Автор: Олар осылай бәрі дос болады. Үйгеде жетті. Бәрі бірге келгенде атасы мен әжесі қатты қуанады. Олар аңдарды төрге отырғызады. Түлкіге рахметін айтып, үйге шай ішуге шақырады. Әжесі дастархан жайып шай құяды, Ата қасқырға, түлкіге балық береді, ал аюға бал береді, қоянға сәбіз береді. Бауырсақ болса терезенің алдына барып, көзін ашып-жұмып, билеп отырады және пердесін жабады.
Тәрбиеші:құрметті қонақтар, бауырақ ертегісі рольдерде ойнаған балаларды ортаға шақырсам деп тұрмын.
Атай рөлінде ойнаған - Ф. Ілияс.
Әжей рөлінде ойнаған - Ф. Айбибі.
Көрші рөлінде ойнаған - Ф.Айгерім.
Қоян рөлінде ойнаған - Ф. ??
Қасқыр рөлінде ойнаған - Ф. Абілмансүр.
Аю рөлінде ойнаған - Ф.Алан.
Түлкі рөлінде ойнаған - Ф.Айханым.
Бауырсақ рөлінде ойнаған - Ф.Айбота.
Тәрбиеші: құрметті, ертегі қоюшы балақайлар, кішентай әртістер, қонақтарға рахмет айтып, қоштасайық.
Балалар: Рахмет! Спасибо!Thanks! (сэнкю)
Балалар: Сау болыңыздар! До свидания! Гудбай!
Ортанғы II- « А» тобы.
Өткізген: Байдешева:К.Ж.