№5 Педагогикалық кеңес Ортаңғы "В"тобы
Главная » Каталог статей » Мероприятия |

Ортаңғы «Балапан» тобының тәрбиешілерінің 2017-2018 оқу жылы бойынша атқарылған жұмысы туралы есебі
Тәрбиешілер:
Байдешова Кулимхан Жаксылыковна
Муханбеткалиева Бағила Кабдешовна
Топ құрамы - балалардың жалпы саны- 24
Ұл балалар– 11
Қыз балалар – 13
Жас ерекшілігі – 4-5 жас
Сапалы тәрбие жұмыс өткізу үшін әр түрлі әдістер қолданылды:
1.Ойын;
2.Үлкендерден үлгі алу;
3.Табиғат объектілері;
4.Заттық әлемі.
Тәрбиешілердің топта жүргізілген жұмыс түрлері:
1.Ата-анамен жұмыс;
2.Балалардың өзіндік еңбегі;
3.Баламен тәрбиешінің қарым-қатынасы.
Топтың қызметі балабақшаның жылдық жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылды.
Мектепке дейінгі мекемедегі оқу-тәрбие беру жұмыстары төмендегі құжаттарға сүйене отырып атқарылды:
• Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №292 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандарт.
• Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы-2016 жыл 12 тамыз № 499.
• 2018 жылғы үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын игеру бойынша
балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг жүргізу бойынша әдістемелік ұсыным.
Жыл бойы балалардын денсаулығын сақтау және нығайту үшін әртүрлі жағдайлар жасалды. Балаларды жеңіл киіммен жүруді, таза ауада болуды, күн тәртібі бойынша, дене шыңықтыру жаттығуларына, қимылды ойындарға қызығушылық көрсетуге үйренді. Күнде 8-10 минут көлемінде таңертенгілік гимнастика өткізілді. Дене шынықтыру сабағы аптасына 3 рет өтті.
Көп көңіл балалардың табиғат біліміне аударылды. Құстар, үй жануарлар, жабайы аңдарды ажыратуда, табиғиттың төрт жыл мезгіліне және құбылыстарында – күзде жапырақтың түскенін, қыста қардың жауғанын, көктемде ағаштардың бүршік атқанын, жазда гүлдердің, жеміс-жидектердің өскенін т.б. табиғат тамашаларын бақылауды меңгерді.
Жыл барысында топ түрлі мерекелер мен іс-шараларға қатысты.
Қазан айында
«Күз – береке, молшылық» ертеңгілік; ата-аналардың қолдауымен
«Күзгі фантазия» көрмесіне қатысты.
Қараша айында
«Туған күн» ойын-сауық ұйымдастырылды.
Мақсаты: балалардың мереке туралы ұғымдарын кеңейту. Туған күнде көтеріңкі көңіл күй сыйлай білуге, жақсы тілектер тілеп, оларды айтуға
дағдыландыру. Сөздік қорын молайту. Ойлау,қабылдау, қиялдау, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Балаларды адамгершілікке, мейірімділікке, ауызбіршілікке, достыққа тәрбиелеу.
Желтоқсан айында
«Сүйіспеншілігім саған, менің Қазақстаным» атты көрмеге қатысты .
«Жаңа жылға арналған ертегі» атты ертеңгілік өткізілді.
Қаңтар айында
«Жұмбақтар марафоны»
Ортаңғы «Күншуақ» және ортаңғы «Балапан» топтарының арасында ұйымдастырылды
Мақсаты: Балаларды жұмбақ шеше білуге үйрету, мимика жұмбақ сурет арқылы шеше білуге қалыптастыру. Балалардың ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту. Балаларды шапшандыққа тәрбиелеу.
Ақпан айында
* «Қыс қызығы»
қардан, мұздан жасалған аула көрмесіне қатысып I-ші орынға ие болды.
* Ата-аналар мен балалар арасында аулада ұйымдастырылған «Толағай»
спорттық ойынына топ тәрбиеленушісі Құрмаш Азиз көкесімен қатысып
«Ең жігерлі» номинациясына ие болды.
Наурыз айында
«Анамыздың мерекесі» атты ертеңгілік өткізілді. Наурыз мерекесінде ойналатын балалар ойындар жинағы топтастырылды
Сәуір айында
«Ғарышқа ұшамыз» көрмесіне қатысты.
Топта «Жарқын күн шапағаты» тақырыбында сурет салу көрмесі ұйымдастырылды.
Мамыр айында
* «Халықтар достығы» ойын-сауық өтті.
* Ортаңғы «Күншуақ» және «Балапан» топтарының арасында «Әкеге қарап ұл өсер» атты спорттық жарыс өткізілді.
* Топ ата-аналары үшін ашық есік күні
күн тәртібінде
- 09:30 - «Томпақта қонақта» атты қорытынды ҰОҚ.
- 09:50 – «Топтың жетістіктер» атты көрме.
- Рефексия
Үйірме жұмысы «Ертөстік»
Мақсаты: Балаларды ертегі арқылы тәрбиелеу. Ертегілер арқылы өмірде болмайтын нәрселер туралы әңгімелер қозғалту, сонымен қатар балалардың қиялынан пайда болатын сәттерді топтастыруға үйрету. Сөйлесу мәнерінде жауаптардың толық айтылуына қалыптастыру.
Міндеттері:Ертегілердің өзіндік құрлысы мен көркемдік ерекшелігімен таныстыру. Әдеби шығарма тілінің ерекшеліктерін қабылдай білуге, олардың әңгімелесу және мәнерлеп оқу процессінде жеткізе білуге үйрету. Шығармаларды тыңдау және қарапайым жүйесін эмоциялық бағалау қызметін қалыптастыру.