№5 Педагогикалық кеңес ІІ кіші топ
Главная » Каталог статей » Мероприятия |

II кіші «Біз көңілді балалар» тобының
тәрбиешілерінің жыл бойы атқарылған жұмысы
туралы есебі
Тәрбиешілер:
Магзумова Гулшат Кенжебековна
Султанова Гулжамила Жумабековна
2017-2018 оқу жылы
Топ құрамы - балалардың жалпы саны- 25.
Ұл балалар– 11; Қыз балалар – 14; Жас ерекшілігі – 3-4 жас.
Мектепке дейінгі мекемедегі оқу-тәрбие беру жұмыстары төмендегі құжаттарға сүйене отырып атқарылды:
• Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №292 қаулысымен бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандарт.
• Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы-2016 жыл 12 тамыз № 499.
• 2018 жылғы үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын игеру бойынша
балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг жүргізу бойынша әдістемелік ұсыным.
Мектепке дейінгі мекемедегі оқу-тәрбие беру жұмыстары төмендегі құжаттарға сүйене отырып атқарылды:
• Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №292 қаулысымен бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандарт.
• Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы-2016 жыл 12 тамыз № 499.
• 2018 жылғы үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын игеру бойынша
балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг жүргізу бойынша әдістемелік ұсыным.
ДЕНСАУЛЫҚ» білім беру саласы
Мақсаты: денсаулық сақтау технологиясын қолдана отырып балалардың қимылдық белсенділігін дамыту және дене жаттығуларын орындауға қызығушылықтарын қалыптастыру.
Міндеттері:
- қимыл белсенділігін дамыту мен үйлестіру және дене жаттығуларына қызығушылықтарын қалыптастыру;
- денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене сапаларын: ептілік, төзімділік, икемділік, шапшаңдық, үйлесімділікті дамыту;
- жүру, жүгіру, секіру, лақтыру мен қағып алу, еңбектеу мен өрмелеудің негізгі қимыл түрлеріндегі қарапайым дағдыларды орындауды қалыптастыру;
- мәдени-гигиеналық дағдыларын қалыптастыру;
- салауатты өмір салты туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру.
КОММУНИКАЦИЯ» білім беру саласы
Мақсаты: Инновациялық әдістер мен технологияларды қолдана отырып, әлеуметте қарым - қатынас жасау үшін тілді игеру және коммуникативтік дағдылары дамыту.
Міндеттері:
- балалардың іс-әрекетінің түрлі нысандары мен түрлерінде ауызекі сөйлеуін дамыту;
- әдеби тілде сөйлеуді дамыту;
- сөз өнеріне баулу;
- қарым-қатынас мәдениетіне, көркем қабылдау мен эстетикалық талғамға тәрбиелеу;
- дидактикалық және дамытушы ойындар мен жаттығуларды қолдану арқылы сөздік қорын байыту.
«ТАНЫМ» білім беру саласы
Мақсаты: Инновациялық әдістер мен технологияларды қолдана отырып, интеллектуалдық қабілеттерін, логикалық ойлауын дамыту және қоршаған ортаның біртұтастығы туралы білімдерін қалыптастыру.
Міндеттері:
- қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру;
- өз ойы бойынша құрылыстарды жасауға, оларды мазмұнбойынша біріктіруге және олармен ойнауға ынтасын тәрбиелеу;
- көрнекі-қимылдық ойлауды және шығармашылық қиялдауды дамыту;
- тірі және өлі табиғат туралы білімдерін, табиғатта өзін ұстау туралы ережелерді және қарапайым өзара байланыстар туралы білімдерін байыту;
- табиғатқа сүйіспеншілікке және ұқыпты қарауға баулу.
«ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ» білім беру саласы
Мақсаты: балалардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамын дамыту.
Міндеттері:
- бейнелеу өнеріне қызығушылықты қалыптастыру, шығармашылық ойлауы мен қиялдауын дамыту;
- көзбен қол үйлесімін дамыту;
- қарапайым заттарды, құбылыстарды, ертегі кейіпкерлерінің пішінін, түстерін, бөліктердің орналасуын бере отырып, бейнелеу біліктері мен дағдыларды қалыптастыру;
- өнер туындыларымен, халық ойыншықтарымен, қазақ және басқа халықтардың сәндік-қолданбалы өнер туындыларымен таныстыруды жалғастыру;
- қоршаған шынайы әлемнің эстетикалық жағына қызығушылықты тәрбиелеу, балалардың өз ойын білдіруі мен музыкалық қабілеттіліктерін дамыту,
- балалардың өнімді іс-әрекетінің түрлерін дамыту;
- балаларды тұтас қағаз парағына бейнелерді орналастыруға үйрету.
«ӘЛЕУМЕТ» білім беру саласы
Мақсаты: балаларда қоршаған ортаға жағымды мінез-құлық пен қарым-қатынасын, эмоциялы елгезектікті, әлеуметтік мәдениет негіздеріне қабілеттілікті қалыптастыру.
Міндеттері:
- балаларды қоршаған ортадағы заттардың атауларымен және олардың міндеттерімен таныстыру, таныс заттарды ажыратуға үйрету;
- Қазақстанның халық ауыз әдебиеті шығармашылығын қолдану арқылы Отанға, отбасына деген сүйіспеншілікті, ересектерге құрмет көрсете білуге тәрбиелеу.