"Мектеп туралы не білемін?" тақырыпта балалар сурет көрмесі
Главная » Каталог статей » Мероприятия |

№33 «Күншуақ» бөбекжай балабақшасында КМҚК
2018 жылдың 18 желтоқсан күні ересек топ балаларының арасында «Мектеп туралы не білемін?» атты көрмені «Бізді мектеп күтеді» деген атаумен ұйымдастырылды.
Көрменің басты мақсаты – өскелең ұрпақты ептілікке, еңбекқор болуға тақырыпққа байланысты суреттер сала білуге және мектеп туралы түсініктерін тереңдету.
Көрмеге ересек «Балапан» тобынан 7 бала және «Улыбка» тобынан 3 бала өз шығармашылықтарымен мектеп туралы түсініктерін қалай бейнелей алатындығы туралы салынған жұмыстарын ұсынды.
«Көрмеде: қоңырау соғып тұрған баланың, алғашқы мұғалім бейнесін және көпшілігі мектептің суретін салу тақырыптарын таңдап салынған суреттерді ұсынды.
Мекеме әкімшілігінің ұсынылған жұмыстардың тәрбиеленушілердің мектеп туралы түсініктері жоғары екендігін атап көрсетті. Балабақша әкімшілік қорытынды тарапынан мектеп туралы терең оймен салынған жұмыстарды жоғары бағалап Лукьянюк Виктория, Коканов Тамирлан, Нұрбала Аршын дипломдармен марапаттады.